{metadescription}
Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді

Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асәділов жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы франциялық Стивен да Костамен күш сынасты. 2:5 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы финалға жолдама ала алмады. Осылайша, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, Асәділов топтық кезеңдегі төрт қарсыласын да жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шыққан болатын. 

Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.