Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Токио-2020: Дәулет Ниязбеков қолаға таласуға мүмкіндік алды
Токио Олимпиадасында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады.
16:38 06.08.2021
Дәулет бұл мүмкіндікке әзербайжандық Гаджи Әлиев финалға шыққаннан кейін қол жеткізіп отыр. Ол аталған қарсыласына жартылай финалда 1:9 есебімен жол берген еді.
Дәулет алғашқы жекпе-жегінде кубалық Алехандро Вальдесті 21:11 есебімен жеңген болатын. Г. Әлиев жартылай финалда үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты.
Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр. Дәулеттің ендігі қарсыласы - сенегалдық Адама Диатта. Белдесу 7 тамыз, елорда уақытымен шамамен сағат 15:52-ге белгіленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram