Көркем гимнаст Алина Әділханова Олимпиада финалына өте алмады
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу турнирі.
16:52 06.08.2021
Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Алина Әділханова қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-ші орынға тұрақтады аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Алайда, бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз.Әзірге бірінші және екінші орынды ресейліктер Дина мен Арина Авериналар өзара бөлісіп тұр. Үшінші орында израильдік Ашрам Линов орналасқан.
Финалдық кезеңге жолдаманы алғашқы ондыққа енген спортшылар алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!