{metadescription}
Коронавирустың «дельта» нұсқасы 132 елден табылды

Коронавирустың «дельта» нұсқасы 132 елден табылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Адан Гебреисус адамзат Сovid-19 салдарынан нақты қауіп кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтты.

SARS-CoV-2 инфекциясын әлем бойынша жұқтырудың жалпы саны 200 миллионнан асты, дегенмен іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Коронавирустың «дельта» нұсқасы 132 елде табылды, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы. Гебреисус табысы төмен елдерде вакцина жетіспеушілігі қатты сезіледі, олар екпеге аса мұқтаж екенін атап өтті.

Оңтүстік Кореяда қатаң карантин әзірге алынбайды. Ел билігі коронавирус инфекциясы таралуының жоғары деңгейіне байланысты үш күн қатарынан 1,7 мыңнан астам вирусқа шалдығу жағдайларын тіркеуде, қатаң шектеулер тағы екі аптаға созылады. Бұл - сағат 18:00-ден кейін екі адамнан артық топтық жиналуға тыйым салу. Аталған шаралар ең алдымен тамақтану орындарына қатысты. Сарапшылар COVID-19 ауруының өсуін SARS-CoV-2 «дельта» штамының тез таралуымен байланыстырады. Оңтүстік Кореяда пандемия басталғаннан бері 207 406 коронавирус тасымалдаушысы анықталды.

Covid-19 Тұманды Альбионға «шабуыл» жасауда. Ұлыбританияда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 30 215 жағдайы анықталып, 86 адам қайтыс болды. Жалпы алғанда, вирус жұқтырғандар саны 5 982 581-ге жетті, ауру салдарынан көз жұмғандар саны-130 086 адамды құрады. Шілде айында елде бірқатар карантин шектеулері алынып тасталды, нәтижесінде инфекция жұқтыру фактілері көбейе бастады.

«Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау» ұйымының мәліметтері бойынша ауруханаға жату деректері 85 және одан жоғары жастағы адамдар арасында көптеп байқалады. Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 88%-дан астамы COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алды және 73% вакцинацияның толық курсынан өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде