ШҚO-да 2-3 балдық жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 09.01-де жерасты дүмпуін тіркеді.
11:46 07.08.2021
Жер асты дүмпулері Өскеменде сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 847 шақырым қашықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1, тербелісі – 4.2. Жер сілкінісі ошағының координаттары – 49.63° с.ш. 82.82° в.д. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісі Өскемен қаласында сезілді», - деп хабарлады «Алматы» ОСО кезекші операторы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!