{metadescription}
Ақтөбеде зауыт аумағында күйдірілген тас көмір қоймасы өртенді

Ақтөбеде зауыт аумағында күйдірілген тас көмір қоймасы өртенді

Металлургия пештеріне отынға қолданатын күйдірілген тас көмір қоймасы жанды.

Бүгін сағат 14:15-те кезекші бөлімге хабарлама түсіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағына өрт сөндірушілер жіберілді. Мұнда металлургия пештеріне отынға қолданатын күйдірілген тас көмір қоймасы жанды. Өрт сөндіруге 9 техника мен 35 адам жіберілді.

Сонымен бірге жеке өрт сөндіру қызметінен 2 техника және 8 адам көмектесті. Өрт 15:30-де сөндірілді.

«Отқа оранған қойманың ауданы - 250 шаршы метр. Адам шығыны жоқ. Облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға, өрт тіркелсе 101, 112 телефон нөміріне хабарласуға шақырады», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде