{metadescription}
Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді

Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында Алакөл демалыс орнында гидроцикл үрлемелі матрасқа соғылып, салдарынан 40 жастағы азамат көз жұмды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні болған. Облыстың полиция департаменті төтенше жағдайдың мән-жайын баяндады: Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны гидроциклмен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзып, үрлемелі су матрасына соғылған.

“40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады”, - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда іс бойынша сараптамалар тағайындалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде