{metadescription}
Қапшағай жағалауында жоғалған 4 жасар бала табылды

Қапшағай жағалауында жоғалған 4 жасар бала табылды

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда жоғалып кеткен қыз баланың анасын тапты.

8 тамыз күні сағат 14:40-та Қапшағай су қоймасындағы құтқарушыларға куәгерлер кішкентай қыз баланың ата-анасын таппай жылап жүргенін хабарлады.

«Құтқарушылар төрт жасар қыздың анасын шамамен 30 минуттай іздеді. Жағалаудағы күркеде демалып отырған ата-анасы қызының жоғалғанын байқамай да қалған. Құтқарушылардың «Балаңызды жоғалтын алған жоқсыз ба?» деген сұрағына әуелі «жоқ» деп жауап берген олар көп ұзамай, қызының жоқ екенін айтты», - деп атап өтті Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Департамент қызметкерлері ересектерді балаларын әсіресе су маңында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде