{metadescription}
Нокаутқа түскен спортшы есін жиғаннан кейін Олимпиада чемпионы болғанын білді  

Нокаутқа түскен спортшы есін жиғаннан кейін Олимпиада чемпионы болғанын білді  

Сауд Арабиясының спортшысы Тарек Хамеди ирандық каратешіге тыйым салынған соққы жасады.

Төрешілердің шешімімен ол жарыстан шеттетілді. Ирандық каратеші Саджад Ганджзаде Токио Олимпиадасының финалында нокаутқа түсті. Ал есін жиғасын чемпион атанғанын білді. 75 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалдық жекпе-жекте Ганджзаде Сауд Арабиясының өкілі Тарек Хамедимен кездескен. Қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Оған қоса ирандық каратешіні нокаутқа түсірді. Ганджзаде есінен танып қалды. Оған оттегі маскасын кигізіп, зеңбілмен алып кеткен.

Алайда төрешілер ирандық каратеші жеңді деп шешті. Себебі Хамеди тыйым салынған соққы жасады. Төрешілердің шешімімен Хамеди жарыстан шеттетілді. Ал Саджад Ганджзаде Олимпиада чемпионы атанды. 

Айта кетері, дәл осы салмақта Қазақстанның атынан Нұрқанат Әжіқанов өнер көрсеткен. Бірақ ол жартылай финалға шыға алмады. Ал Дархан Асаділов (67 келі) пен Софья Берульцева (+61 келі) қола жүлдені жеңіп алды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде