{metadescription}
0:000:00

Өрмекші адам: Таразда ұсталған жігіт полицейлердің көз алдында қашып кетті

Видеода қара жейде киген жігіттің әйелмен қоштасып жатқаны анық көрінеді.

Бір кезде ол газ құбырымен өрмелейді де, сымнан секіріп өтеді. Тараз қаласында ұсталған жігіт полициядан қашып кетті. Видеода қара жейде киген жігіттің әйелмен қоштасып жатқаны анық көрінеді. Олардың жанында патрульдік полицияның көлігі тұр. Ішінде тәртіп сақшылары отыр. Ал полицейлердің біреуі есікті жауып қалғанда далада тұрған ер адам қаша жөнеледі. Газ құбырымен өрмелейді де, жоғарыдағы тікенді сымнан секіріп өтеді. Қызыл жейде киген жігіт бірден төбеге шығады. Бірақ киімі тікенді сымға ілініп қалады. Форма киген тағы бір полицей де қашқынның артынан жүгіреді.  

Жамбыл облыстық полиция департаменті қашқынның ұсталғанын хабарлады. Кейінірек толығырақ ақпарат беруге уәде етті. Әлеуметтік желіде оны ұстау операциясының видеосы да жарияланды.  Айта кетері, желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қашқынның аты – Иван Зозуля. Жасы – 27-де.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 5 тамыз күні кешкі сағат 17:30-де болған. Түрмеден мерзімінен бұрын босатылған Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны Иван Зозуля белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін 2 жыл 10 айға қамауға алынған. Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 158/1 мекемесіне апарғанда қашып кеткен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Зозуля 8 тамызда сағат 21:00-дің шамасында "Қарасу" шағын ауданында ұсталды. Қылмыстық кодекстің 426-бабымен, яғни, күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полицейлер.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде ол тергеу изоляторына қамалды. 2012 жылы Зозуля заңсыз қару сақтағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде