Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып кетті
19 жастағы үш және 18 жастағы бір жігіт түрлі дене жарақаттармен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.
13:35 09.08.2021
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше түнде 19-шағын ауданындағы Есенберлин даңғылында болған.
«Анықталғандай, Қазыбек би даңғылынан Есенберлин даңғылына қарай жүріп келе жатқан Audi автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі 4 жаяу жүргіншіні қаққан. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Оның көлігі айып тұрағына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік жүргізушісі 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram