Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пәкістанда Құдайға тіл тигізген 8 жасар бала өлім жазасына кесілмек
Пәкістан соты Құдайға тіл тигізді деп айыпталған сегіз жасар баланы кепілдікке босатқаннан кейін мұсылманар тобы үнді храмына шабуыл жасады.
17:13 09.08.2021
Оқиға Пенджаб провинциясының Рахим Яр Хан ауданындағы Бхонг қаласында болды. Бала өткен айда қасиетті кітаптар сақталатын діни мектепте кілемге әдейі зәр шығарды деген айыппен тұтқындалған. Мұсылман қауымдастығы бұл баланы күпірлік жасады деп айыптайды. Мұндай қылмыс үшін Пәкістанда өлім жазасына кесіледі. Жиналған жұрт соттан үкімнің орындалуын және баланы өлім жазасына кесуді талап етті.
Бала мен оның отбасы қазір мемлекет қамқорлығында.
"Баламыз өзінің қандай қылмыс жасағанын және неге бір апта түрмеде отырғанын әлі түсінбейді", – дейді отбасы мүшелері.
Провинцияда тәртіпсіздіктер жалғасуда. Билік тәртіпсіздікті басу үшін әскерилерді осы аймаққа көшірді. Көптеген үндістер үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram