Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да дала өрті 40 гектарға жайылып кетті
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер 40 гектарды шарпыған қызыл жалынмен күресіп жатыр.
20:09 09.08.2021
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында шөп өртеніп, оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жеткен.
«Сағат шамамен 14.00-де ашық жерде шөп жанды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кірісті. Алайда лезде тараған от 40 гектар аумаққа жайылып кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта жеке құрамнан 13 адам мен 2 техника, орман шаруашылығынан 11 адам мен 3 техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш көлік пен 2 трактор және жергілікті 25 тұрғын тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram