{metadescription}
Тоқаев Олимпиада қорытындысы туралы: бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді

Тоқаев Олимпиада қорытындысы туралы: бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды.

Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

“Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Алайда 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-ші орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді. Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек”, – деді мемлекет басшысы.

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды.

Медаль алған қазақстандықтар:

Елдос Сметов (дзюдо);

Игорь Сон (ауыр атлетика);

Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);

Нұрислам Санаев (еркін күрес);

Дархан Асаділов (карате);

Софья Берульцева (карате);

Сәкен Бибосынов (бокс);

Қамшыбек Қоңқабаев (бокс).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде