{metadescription}
Әлемдегі ең кішкентай сәби ауруханадан шығарылды

Әлемдегі ең кішкентай сәби ауруханадан шығарылды

Сингапурде дүниеге келген Квек Ю Сюаньнің бойы небәрі 24 сантиметр, ал салмағы алмадай ғана болады.

Әлемдегі ең кішкентай сәби ауруханадан шығарылды. Ол 13 ай бойы дәрігерлер бақылауында болған. ​Квек Ю Сюань мерзімінен төрт ай бұрын туды. Салмағы небәрі 212 грамм, алманың салмағындай ғана болады. Бойы - 24 сантиметр.

Қыздың анасына "преэклампсия" диагнозы қойылды. Қауіпті жоғары қысым салдарынан ана мен бала органдарына зақым келуі мүмкін. Сондықтан әйелге жүктілігінің 25-ші аптасында шұғыл түрде кесар тілігі жасалды. Ал жүктіліктің орташа мерзімі 30 апта шамасында болуы керек.

Сингапур ауруханасында бір жыл бойы емделуге 270 мың доллар жұмсалды. Қаражатты қайырымдылық ұйымы жинап берген. Қазір оның салмағы 6,3 келіге жетті. Ю Сюаньде созылмалы өкпе сырқаты бар. Алайда дәрігерлер біртіндеп жағдайы жақсарады деп отыр.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде