Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді
Мәдениет және спорт министрлігі биыл Абайдың туған күніне арналған іс-шаралар тек жергілікті деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті.
Фото: gov.kz
09:32 10.08.2021
Бүгін Қазақстанда Абай күні мерекеленеді. Бұл дата 2020 жылы үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде енгізілді. 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл хәкімнің туғанына 176 жыл болды.
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыстауда туған. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Бала Абай әжесі Зеренің таусылмайтын аңыз-ертегілері мен сөзге шебер анасы Ұлжанның тәрбиесін көріп өскен. Әуелі Абай әкесі өз туыстарының балаларын окытамын деп "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб, парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Осы үш жылда алған білім Абайға өмірлік азық болды.
Осылайша ауылға әкесінің шақыруымен оралған Абай 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араласты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!