{metadescription}
Air Astana ұшағы Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

Алматы-Тбилиси бағытында ұшқан әуе кемесі көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.

Алматы әуежайынан Тбилисиге ұшқан Air Astana ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады әуе компаниясы. Алматы–Тбилиси бағыты бойынша KC139 рейсі 9 тамызда кешке аттануға тиіс болған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да ұшты, алайда көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.

 

«9 тамызда «Алматы-Тбилиси» бағдары бойынша KC139 рейсін орындайтын борт сағат 20:30 кезінде ұшып, найзаға түсті деген күдікпен қайта оралды. Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер болмады. Бортты ауыстырғаннан кейін, жолаушылар сағат 00:40-та аталған бағытта қайта ұшып шықты. Ұшаққа қатысты инспекция жүргізіліп, назағай түсу жағдайы анықталмады. Осы орайда әуе кемесі рейстерде пайдалануға жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Ұшақ қайта қолданысқа берілді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы әуеге көтерілген ұшақ 40 минуттан кейін Алматы әуежайына қайта оралғанын жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.