Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазанда Pfizer вакцинасын балалар мен жүкті әйелдер ғана салдыра алады – министрлік
Осы аптада Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған тағы бір вакцина жеткізіледі.
12:18 10.08.2021
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын күтудің қажеті жоқ екенін айтты. Себебі ол ең алдымен кәмелетке толмағандар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады.
Бұл жайында Coronavirus2020.kz Telegram-каналындағы видеода жарияланды.
«Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады», - деді Алексей Цой.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустан вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады.
«Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», - деді А. Цой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram