Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдікті.
13:17 10.08.2021
Теміртау қаласында екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Полиция оқ атқан адамды ұстады. Әлеуметтік желіде тараған видеода бір топ адамның біреуді шақырып жатқаны естіледі. Бір кезде оқ атылады. Барлығы жан-жаққа бытырап қашады. Сосын тағы оқ атылады. Осыдан кейін қатты жылдамдықпен өте шыққан көліктің бұрылып келіп, бағанаға соғылғанын көруге болады. Көлік жүргізушісі қолына бір нәрсе ұстап шығады да, айналадағы адамдарды қуа бастайды.
"Мынаны қараңыздар! Масқара! Бүкіл көлігін қиратып тастады", - дейді видео авторы.
Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтады. Ресми мәліметке сәйкес, тамыздың тоғызына қараған түні Есік қалалық полиция бөліміне орталық ауруханадан 27 жастағы ер адамның әртүрлі дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабар түскен.
Сол жерге бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, 30 жастағы қала тұрғыны жарақат алған ер адамның үйіне барған. Екеуі сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Содан біреуі травматикалық қарудан оқ атқан.
"Ал жаппай төлебеске қатысқандарды табу үшін Теміртау қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағыттама жіберілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20-37 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Бұзақылық әрекетті бастаған ер адам өз кінәсін мойындады", - дейді полицейлер.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция осы оқиғаға қатысқан басқа да адамдарды іздестіріп жатыр.
Дереккөз: polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram