{metadescription}
Кімдер вакцина алуға міндетті: министрлік тексеріс 1 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді

Кімдер вакцина алуға міндетті: министрлік тексеріс 1 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді

Қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 тамызға дейін, екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуға тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі вакцина салдырмаған қызметкерлерді анықтау бойынша тексерістің басталатын уақытын нақтылады. Ведомствоның мәліметінше, жұмыс орындарында вакциналауға қатысты тексеріс 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Бұған дейін қызметкерлер екпенің бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуға тиіс екені хабарланды. Медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар вакциналаудан босатылады.

Сонымен қатар вакциналанбаған қызметкерлер аптасына кемінде бір рет ПТР-тестілеуден өтуі керек (медициналық қарсы көрсетілімі барлар мен соңғы үш ай ішінде ауырған адамдарды қоспағанда).

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.