{metadescription}
Елде азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті

Елде азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті

Шілде айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасының жылдық өсуі 11%-ды құрады.

«Мониторингке сәйкес 2021 жылғы 27 шілде мен 3 тамыз аралығындағы кезеңде 19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдері ай басынан бастап 0,1%-ға және жыл басынан бастап бірден 10,3%-ға өсті. Оның ішінде сәбіз жыл басынан бері бірден 2,3 есеге, картоп – 41,6%-ға, пияз – 28,8%-ға, күнбағыс майы – 27,3%-ға, қырыққабат – 22,3%-ға, қарақұмық жармасы –13,8%-ға қымбаттады», – деп атап өтті сарапшылар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жыл басынан бері 10,3%-ға өсті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

«Ең жоғары өсімді маусымаралық кезеңде өсім байқалатын көкөністер, импортқа тәуелді өнімдер, сондай-ақ жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар көрсетті. Өңірлерде қалыптасқан жағдай бойынша бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында – 12%-ға, Нұр – Сұлтанда – 11,6% – ға, Қарағанды облысында – 11,4% — ға тіркелді», – деді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, тамыз және қыркүйек айларында солтүстік аймақтарда өнімнің жаппай жиналуы күтілуде, бұл ішкі нарықты картоппен қанықтырады және бағаның одан әрі төмендеуін ынталандырады.

Министр сәуір айында байқалған бағаның өсуі тұрақтанғанын айтты. Ол картоптың бағасы оңтүстік аймақтарда піспеген картоптың шығымдылығы өскен сайын төмендегенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде