Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада жұмысшылар жаппай төбелес шығарды
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 5 күн бұрын болған оқиға бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеп отыр.
15:24 11.08.2021
Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде анықталған.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында төбелес болған видеоны анықтады. Оқиға 6 тамызда, күндіз Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс нысанының аумағында болған Құрылысшы бригадалар өзара сөзге келіп, төбелеске ұласқан», - делінген департаменттің мәліметінде.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте «102» нөмірі бойынша шақырту түспеген. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram