Вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерде дәстүрлі оқыту форматы бойынша студенттерге қандай талаптар қойылатынын түсіндірді.
16:51 11.08.2021
«ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін үш ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, педагогтер мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалар персоналын, 18 жастан асқан студенттерді 100 пайыз вакциналауды қамтамасыз ету қажет. Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану керек», - деді министр.
Министрдің баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптың слайдтары да көрсетілді. Санитарлық талапқа сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады. Ал екпе салдырмағандар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
Бұған қоса Алексей Цоц санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау және жатақханаларда тұру жағдайларына бақылауды күшейту, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу қажеттігін баса айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!