Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде балконнан секірмек болған әйел құтқарылды
Ақтөбеде полицейлер балконнан секірмек болған әйелді суицидтен құтқарды.
17:54 11.08.2021
7 тамыз күні сағат 23:30-да полиция қызметкерлері бір әйелдің «Қарғалы» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Аталған мекенжайға полиция жасағы жіберілді. Олар өздерінің дереу жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйелді құтқарып қалды. 34 жастағы әйелдің мас күйінде екені белгілі болды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram