Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда сарбаз әскерден қашып кетті
Алматыда ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімінің жауынгері Ердәулет Сабыржанұлы қызымен ұрсысып қалып, әскерден қашып кеткен.
19:15 11.08.2021
Бұл туралы ақпарат Инстаграм желісінде тарады.
«9 тамыз күні кешкі сағат 21.30 шамасында 6654 әскери бөлімінен (Қаракемер) жауынгер Ердәулет Сабыржанұлы рұқсатсыз шығып кеткен. Айта кетейік, қатардағы жауынгер 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе) оқуға келген. Ол 11 тамыз күні түнгі сағат 02.35 -те «Алтын Орда» (Алматы) базарының маңында ұсталды», - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Хабарламада атап өтілгендей, сарбаздың өз бетінше әскери бөлімнен кетіп қалуы әскери қызметпен байланысты емес.
«Біз қашқын сарбазды жарнаманың арқасында ұстадық. Оның қашып кетуіне сүйіктісімен ұрсысып, соған тез жетуі үшін шешім қабылдауы себеп болды. Ол Атырауға кеткісі келген. Оған қатаң сөгіс жарияланды», - деді Жандос Құлбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram