Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирустың өлім қаупі жоғары «йота» штамы анықталды
Нью-Йоркте «йота» деп аталатын коронавирустың жаңа штамы анықталды, бұл COVID-19 мутациясы иммундық тапшылық тудыруға қабілетті.
19:38 11.08.2021
Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал федералды округінің медициналық алдын алу жөніндегі маманы, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токаревтің айтуынша, йота штамының өлім-жітім көрсеткіші 82 пайызға дейін жетеді, әсіресе 45 жастан асқандар үшін қаупі басым және басқа мутацияға қарағанда 25 пайызға тез таралады.
Токарев йота штамының иммундық тапшылық тудыратынын атап өтті. Медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков йота штамы туралы өте аз мәлімет бар екенін айтты, әзірге оның даму барысы бақылауда.
«Жер шарының батысында, ең алдымен, Оңтүстік Америкада ламбда штаммы тамырын кеңге жаюда. Мүмкін Бразилияда - «гамма» штаммы, біздің әлемде - «дельта» штаммы өршіп жатыр. Олар бір-бірімен біте-қайнасса, одан да жаңа бір түр туындай алады», - деді ғалым.
Қазіргі уақытта коронавирус ламбда, гамма және дельта штаммдары болып белсенді түрде мутацияға түсуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram