{metadescription}
16 адам мінген тікұшақ құлады

16 адам мінген тікұшақ құлады

Ресейдің Камчатка өлкесінде бортында 13 турист пен 3 экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы құлады.

«12 тамыз күні, Мәскеу уақытымен сағат 00.50-де Кроноцкое қорығының Курильск көлі аумағында «Витязь-Аэро« компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы жерге қатты қонғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 13 турист пен экипаждың 3 мүшесі бар. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының тікұшағы ұшып шығуға дайындалуда. Сондай-ақ құтқарушылары бар Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы дайындық күйіне келтіріліп жатыр», - деп мәлім етті журналистерге Төтенше жағдайлар министрлігі Камчатка бойынша Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметінен.

Ал РФ ТЖМ-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Витязь-Аэро» АҚ-ның Ми-8 тікұшағының жерге қатты қонуы салдарынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Камчатск өлкесіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен 8 техника жұмылдырылған. «Витязь-Аэро» авиакомпаниясы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жеке паркінде 20 тікұшақ бар. Камчатканың жолы қиын аумақтарына туристерді жеткізу бойынша жолаушылар тасымалын орындайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде