Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды.
09:10 12.08.2021
10 тамыздағы жағдай бойынша, кейінгі тәулікте коронавирустан 105, пневмониядан 24 адам көз жұмған.
Ал 12 тамыздағы мәлімет бойынша 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ-) емделіп жатыр:
- 30 769 пациент стационарда,
- 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 849 адамның жағдайы ауыр,
- 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 215 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
10 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 427 жағдайы және 24 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 221 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бүгінге дейін коронавирус пневмониясымен ауырғандар - 64492, қайтыс болды – 3973, жазылып шықты 56318 адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram