Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қыздарды зорлап жүрген азамат сотталды
Алматыда Баум тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлаған ер адам ұсталды.
10:37 12.08.2021
Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
«1991 жылы туған Айдарханов ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі «Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотталды», – деп жазды ол.
30 жастағы жігіт тоғайда қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлаған. Тергеу барысында күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеуді Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері жүргізді.
Айдархановтың неше жылға сотталғаны айтылмады. Ал аталған бап бойынша қылмыскерлер 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны белгілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram