Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев ресми сапармен Оңтүстік Кореяға барады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады.
11:36 12.08.2021
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
"Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.
Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram