{metadescription}
0:000:00

Түркияда алапат су тасқыны болды

Қатты жауын-шашыннан болған су тасқыны Түркияның Қара теңіз жағалауындағы көпірді қиратып, бірнеше елді мекенді жарықсыз қалдырды.

Атап айтқанда Синоп, Бартын, Қарабюк және Кастамону провинцияларына әсер етті. Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көпір құлады. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам инфаркттан қайтыс болды. Құтқару қызметкерлері жоғалған 80 жастағы әйелді іздестіріп жатыр.

Премьер‐министр жанындағы төтенше жағдайлар және апаттар басқармасы (AFAD) мәліметі бойынша , 12 ауылда электр қуаты үзілген. Ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалған. Бартыннан 240 шақырым жерде орналасқан Синоп провинциясында су тасқыны салдарынан бір үй құлады. Провинцияның табиғи апаттан зардап шеккен аудандарында көп үй мен кәсіпорынды су басты. Шенеуніктер бұл аймақтағы мемлекеттік аурухана сақтық шарасы үшін эвакуацияланғанын хабарлады.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар су басқан үйлерден үрлемелі қайықтармен көшіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.