{metadescription}
Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

Алматыдағы Түрксіб аудандық соты Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарды.

Сәкен Мұсайбеков Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.

«Сот оның Мәдениет және спорт вице-министрі ретінде 2021 жылғы 18-21 ақпан аралығында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын анықтады. Мұсайбеков пен Алматы қаласы прокурорының орынбасары арасындағы кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім бойынша прокурор соттан Мұсайбековке пара сомасының он есе мөлшерінде - 62 394 00 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындау туралы өтініш жасады», - деп түсіндірді Түрксіб аудандық соты.

Сот экс-шенеунікті кінәлі деп танып, прокурордың талабын қанағаттандырды.

«2021 жылдың 7 айында мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлерге қарсы 40 қылмыс тіркелді, олардың 27-сі аяқталды, 25-і сотқа жіберілді. Аталған қылмыстар бойынша 8 адам сотталды. Мәдениет және спорт министрлігі үшін бөлек алатын болсақ, 2020 жылы және осы жылдың 7 айында сот тергеуде 15 қылмыс болған. Негізінен бұл қылмыстар ұрлық, қызмет бабын теріс пайдалану, пара алу және қызметтік алаяқтықпен байланысты», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істері бойынша тергеуші Данияр Биғайдаров.

Еске салсақ, ақпан айының аяғында Мәдениет және спорт вице-министрі болған сәке Мұсайбеков қызметтік лауазымын пайдаланып, букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.