Алматы білім басқармасы мектепте қандай киім кию керектігін түсіндірді
Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді.
14:08 12.08.2021
Оның айтуынша, биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді.
«Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды, тек жейде. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады», - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.
Жалпы Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!