Бұқтырмада қайықпен жүрген адамдар жағаға жете алмай қалды
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында қайықпен жүріп қатты дауылдан жағаға қайта алмай қалған 4 адамға құтқарушылар көмекке келді.
15:20 12.08.2021
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 тамызда таңертең болды.
«Бұқтырма су қоймасындағы «Аюда» демалыс базасында 4 адам, оның ішінде 1 бала қайыққа отырып, суға жүзіп кеткен. Кенет ауа райы күрт бұзылып, дауыл соқты. Соның салдарынан жағаға қайта алмай қалған демалушылар «112» нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп ұзамай оларға көмекке сол базада жұмыс істейтін 2 құтқарушы келіп жетті. 4 адам моторлы қайықпен жағаға аман-есен жеткізілген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!