Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сабақта оқушылар бетперде тағып отырады
Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
15:43 12.08.2021
«Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес. Дене тәрбиесі сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз», - деді Жылқыбаева арнайы брифингіде.
Сонымен қатар, ол мектеп балаларды бетпердемен қамтамасыз ететін-етпейтінін айтты:
«Баланы зарарсыздандыру құралымен (антисептик), бетпердемен қамтамасыз ету - ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады», - деді.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram