Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жапонияда Паралимпиада алауын жағу шарасы басталды
Бейсенбі күні Жапонияның Токио қаласында Паралимпиада алауы эстафетасы үшін алау жағу шарасы басталды.
18:37 12.08.2021
Алау эстафетасына байланысты іс-шаралар 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін өтетін Паралимпиада ойындарына серпін беру мақсатында жүргізілді. Паралимпиада ойындарының алауы Жапониядағы 800-ден астам муниципалитеттен жиналып, Англияның Сток-Мандевилл қаласында – Паралимпиада қозғалысының рухани отанындағы алаумен бірігеді.
Кейбір шаралар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ғимараттарда және арнайы мектептерде, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен аудандарда өткізіледі. Сейсенбіден 20 тамызға дейін Паралимпиада жарысы өтетін төрт префектурада алау жағу шарасы ұйымдастырылмақ. Ұйымдастырушы мемлекет пен Ұлыбританияда жағылған алау 20 тамызда Токиодағы салтанатты шарада бірігеді.
Паралимпиадаға Қазақстан атынан 25 спортшы қатысып, спорттың 7 түрі бойынша ел намысын қорғайды.
«Жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында «Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды. Рио-2016 Паралимпиада ойындарынан кейін елімізде параспортпен айналысқысы келетіндердің саны артты, өңірлерде мүгедек адамдарға арналған жаңа спорт мектептері ашылды және елордада ультразаманауи паралимпиадалық жаттығу орталығы салынды. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдар өзіне қолайлы спорт түрімен тегін айналыса алады», — деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитеті Маркетинг және коммуникация департаментінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram