Коронавирустың «йота» нұсқасы ауыр салдарға әкелмейді – ДДҰ
Америка Құрама Штаттарынан алынған алдын ала мәліметтер коронавирустың "йота" нұсқасы аурудың ауыр түріне әкелмейтінін көрсетеді, деп жазады ДДҰ төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове.
19:25 12.08.2021
"Нью-Йорктен алынған алдын ала мәліметтер бұл нұсқа ауыр ауруға әкелмейтінін және инфекцияның өршуін тудырмайтынын көрсетеді", - деді ол сәрсенбіде өткен брифингте.
Иота нұсқасы алғаш рет АҚШ-та өткен жылдың қарашасында анықталған және осы жылдың наурызында ерекше назар аударған нұсқа ретінде анықталды, деп қосып өтті Керкхове. ДДҰ-да аталған нұсқаның 28 мыңға жуық толық геномдық тізбегі бар, олардың 27 мыңнан астамы АҚШ-қа тиесілі.
Сарапшының айтуынша, қазір АҚШ -та "йота" нұсқасымен жұқтыру жағдайлары азайып жатыр, керісінше "дельтаның" басымдығы әлі де артып келеді. Бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирустың "йота" штаммына зерттеу жүргізіп, оның өлім қаупін 46-дан 82%-ға арттыратынын анықтаған. Мамандардың айтуынша, штамм бұрын инфекцияға шалдыққандардың 0-10% иммунитетін жеңе алады.
Бұған дейін, дәрігерлер коронавирустың жаңа штаммы табылғанын жариялаған болатын.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!