{metadescription}
Алматыда такси жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Алматыда такси жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Жасөспірім аман қалды.

Алайда соққы салдарынан көптеген дене жарақатын алып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Алматыда жылдамдықпен келе жатқан "Яндекс" таксиі жолдан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik. 13 жастағы жасөспірім ауруханаға ауыр халде жеткізілді.

Оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман-2 шағын ауданындағы атаусыз көшелердің бірінде болған. Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Hyundai Accent көлігі оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Сол кезде жасөспірім жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болады.

Жүргізуші тежегішті басып үлгермеді. Соққының салдарынан жасөспірім көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соққының ауыр болғаны сонша көліктің бамперы, есігі мен қанаты майысып қалған. Жасөспірімнің бірнеше жері сынып, бас ми жарақатын алды.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде