Коронавирус жұқтыру көрсеткіші күн өткен сайын өсіп келеді
АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші күннен күнге артып келеді.
14:37 18.08.2021
Билік COVID-19 жаңа толқынын жариялады және оны «дельта» штамының таралуымен байланыстырды. Анықталған жағдайлардың тәуліктік саны 130 мыңнан асты. Өткен аптадағы вирус жұқтырушылардың саны 900 мыңнан асады. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балалар саны да өсуде. Осыған орай, Ақ үй қайталама вакцина алу мерзімін белгіледі.
Балкан Косово Республикасы барлардың жұмыс уақытын шектеді және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салды. 20 тамыздан 1 қыркүйекке дейін мейрамханалар мен кафелер сағат 22:30-да жабылады, келушілерді тек вакцинация сертификаты ұсынылған кезде қабылдай алады. Той қонақтарының ең көп саны 300-ден 150 адамға дейін шектелген. Бұрын мұндай шаралар Солтүстік Македонияда енгізілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!