Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да орманда қалған 4 адам құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында көліктері сынып орманда қалған 4 адамға құтқарушылар көмекке келді.
10:43 21.08.2021
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері сынып, олар жолда қалды. Азаматтар құтқарушыларға қоңырау шалып көмек сұраған.
«Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жедел келіп жетті. Құтқарушылар жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды. Жолға шыққанда міндетті түрде өз көлігіңіздің жарамдылығын тексергеніңіз абзал.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram