{metadescription}
ШҚО-да 7 жасар бала суға батты

ШҚО-да 7 жасар бала суға батты

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында ересектердің қарауынсыз қалған 7 жасар бала суға батып кетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Алтайка кентіндегі Бұқтырма су қоймасында болған.

«Жабдықталмаған су айдынында шомылып жүрген 7 жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін 21 тамызда 2,5-3 метр тереңдіктен тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде