{metadescription}
Павлодарда жасөспірім телефон бермеген әкесін пышақтады

Павлодарда жасөспірім телефон бермеген әкесін пышақтады

Павлодарда 14 жастағы бала әкесінің арқасына пышақ сұғып алған.

Полиция мәліметінше, жасөспірім мен оның әкесі арасында жанжал шыққан. Ер адам ұлы гаджетте көп уақыт өткізетініне ашуланып, телефон ұстауына тыйым салған. Содан оның телефонын алып қойып, үй ауласына қарай беттейді. Осы сәтте жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үйдегі пышақты алып, оның арқасына сұғып алған.

"Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар ауруханасына жеткізілді. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Бұл бап бойынша айыпталушы 3-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе осы мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін. Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыстың іс тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде