Алматыда троллейбус жол апатына түсті
Алматыда троллейбус жер асты өткеліне соғылып, жолаушылар зардап шекті.
12:15 22.08.2021
Троллейбустың видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Ольга Бражникова есімді желі қолданушысы жол апатынан немерелерінің зардап шеккенін жазып, троллейбус суреттерін жариялады.
Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді.
«Көлік апаты 21 тамызда сағат 14:50 шамасында болған. Троллейбус жүргізушісі рульді дұрыс басқара алмай, жерасты өткелінің қабырғасына барып соғылған. Оқиға полиция департаментінде тіркелді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді компания.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары