Қазақстан боксшысы Германияда қарсыласын нокаутқа жіберді
Гамбургтегі (Германия) Universum gym аренасында бокс кеші өтті.
14:56 22.08.2021
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы (90,7 кг-нан астам) Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) АҚШ-тың 14 дүркін чемпионы Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) қолғап түйістірді.
Ауыр салмақтағы он екі раундтық жекпе-жекте Кособуцкийге тиесілі WBA International нұсқасы бойынша чемпионның белбеуі болды. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда, америкалық соңына дейін шыдай алмады. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіби мансаб жолында 16-шы рет жеңіске жетті және екінші деңгейлі WBA атағын сәтті қорғап қалды. Ал Джоуи Давейко кәсіби рингте осымен 9-шы рет жеңілістің дәмін татты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!