ШҚО-да 40 гектарға жайылған дала өрті сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Малиногорск ауылдық округінде 40 гектарға жайылған тілсіз жау сөндірілді.
17:40 22.08.2021
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 06.15 шамасында өрт сөндірушілер, орманшылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері Малиногорск ауылдық округінде шыққан дала өртін өшірді.
«Қызыл жалынның жалпы ауданы 40 шаршы метрді құраған. Өртке оранған орман аумағы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстанда ашық далада өрт шыққандығын хабарлаған. Оқиға орнына 6 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органның 50 қызметкері, 5 орманшы және 3 техника жұмылдырылған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!