{metadescription}
Диетолог қарбыз бен қауынның сыртын сабындап жууға кеңес берді

Диетолог қарбыз бен қауынның сыртын сабындап жууға кеңес берді

Ресейлік диетолог Антонина Стародубова қарбыз бен қауын жемес бұрын, оларды жылы сумен және сабынмен жууға кеңес берді.

Оның айтуынша, қарбыз бен қауын сыртындағы микробтар кескен кезде ішіне түсуі мүмкін. 

“Қарбыз және қауынды жемей тұрып, сыртын жылы сабындап жуған жөн. Себебі сыртындағы микробтар кескен кезде ішке қарай түседі. Бұл микробтар өз кезегінде ішек инфекцияларына әкеп соғады. Сыртына зақым келген және қандай да бір бөгде түсті қауын-қарбыздарды сатып алудан аулақ болған дұрыс. Бұған қоса, олардың иісіне де назар аудару керек”, – дейді ол. 

Диетолог қауын мен қабықтың сыртына түрлі жәндіктер қонатынын, сондықтан да жіті тазалау маңызды екенін алға тартады. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде