{metadescription}
Павлодарда жүргізуші зейнеткер мен сәбиді қағып кеткен

Павлодарда жүргізуші зейнеткер мен сәбиді қағып кеткен

Павлодарда зейнеткер мен сәбиді қағып кеткен жүргізуші мас болған. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19.32-де тұрғын үйдің ауласында 39 жастағы «Тойота Камри Грация» автокөлігінің жүргізушісі 1946 жылы туған әйел мен 2021 жылы туған сәбиді қағып кеткен.

«ЖКО салдарынан әйел мен кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші орташа дәрежде мас болған», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияда автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.