Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланады.
12:10 31.08.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумына қатысады. Форум бейнеконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"3 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері", - деп жазды ол.
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланады. Шығыс экономикалық форумы – Ресейдің Қиыр Шығысына шетелдік инвестицияларды тарту және Азия-Тынық мұхиты аймағында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жыл сайын Владивостокта өткізілетін халықаралық форум.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram