{metadescription}
0:000:00

Алматыда басшылық қызметтегі полицей қызметкерді ұрды деген күдікке ілінді

Жағдайға байланысты жергілікті полиция түсініктеме берді.

Кінәлі адамға қатаң шара қолданылады. Алматының Наурызбай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерді соққыға жықты деген күдікке ілінді. Болған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Желіде тараған видеода Наурызбай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қ.Е. Жақыпбаевқа ұқсайтын адам жас қызметкерді ұрып-соғып жатыр. Видеоның сипаттамасында оның бұл әрекетіне криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары қосылғаны айтылған.

Жағдайға байланысты жергілікті полиция түсініктеме берді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында жарияланған видео зерделеніп, болған оқиғаның мән-жайы анықталады.

 

«Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында бейнежазба толық зерттеліп, мән -жай анықталады. Полиция департаментінің Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.