{metadescription}
Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды

Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Олар:

  • 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
  • 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,
  • 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 14 қаза тапқан. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

Сондай-ақ, ол Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Жамбыл облысындағы оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді жүктеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде